Асхат Кучинчерековтің "Бауырына салу" фильмі Оскар сыйлығының “Шетел тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енді. Бұл жөнінде фильмге арналған Instagram-дағы парақша хабарлады.
Кинода бауырына салу дәстүріне сәйкес әжесінің тәрбиесіне берілген баланың бастан кешкені баяндалады. Әжесі дүние салғаннан кейін бала биологиялық ата-анасына қайтарылады, алайда балаға олар бөтен адамдар сияқты әсер қалдырады.
Асхат Кучинчерековтің алғашқы туындысы бұған дейін Қазақстан киногерлері альянсының "Тұлпар" сыйлығына ие болған.
Американың кино академиясында дауыс беру үш кезеңнен тұрады. Жеңімпаздар анықталатын үшінші кезең 2025 жылдың 11-18 ақпанында өтеді. Жеңімпаздар Лос-Анжелесте 2 наурызда өтетін салтанатты рәсімде марапатталады.
ПІКІРЛЕР