12 маусымда Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының полиция жасақтары жемқорлыққа қарсы шеруге шыққан 700-ге жуық адамды қамауға алды. Демонстрацияны оппозиция жетекшісі Алексей Навальный басқаратын "Жемқорлықпен күрес қоры" ұйымдастырған.
Полицияның күш қолдану фактілерін бақылайтын OVD-Info ұйымының хабарлауынша, Мәскеу полициясы Тверьская көшесінде 400 демонстрантты ұстап әкеткен. Санкт-Петербург әкімшілігі 300-ден астам адамның тұтқындалғанын мәлімдеді.
Коррупциямен күрес белсендісі, 2018 жылғы президент сайлауына түсуге талаптанып жүрген Алексей Навальный шеруге қосылмай тұрып үйінің алдында қамауға алынған. Ұсталғандардың ішінде оппозициялық саясаткерлер Илья Яшин мен белсенді Мария Баронова бар.
Дүйсенбі күні Ресейдің басқа да ірілі-ұсақты қалаларында өткен 200-дей демонстрация кезінде жергілікті полиция ондаған адамды ұстап әкеткен. Зақымданған, я жараланғандар туралы мәлімет жоқ. Навальный мен оның жақтастары бұған дейін наурызда да жаппай шеру ұйымдастырған еді. Оған "Коррупциямен күрес қоры" түсірген Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевтің "жеке дәулетін әшкерелеуші" зерттеу фильмі түрткі болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы