Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев инсульт диагнозы бойынша жатқан Астанадағы республикалық емхананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айгүл Жетімқарынованың қазанның 18-і қайтыс болған. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың директоры Абай Байгенжин хабарлады.
Осы емхананың дәрігерлері Досқалиевтің үстінен қозғалған іс бойынша бұрынғы министрге жалған түрде "инсульт" диагнозын қойды деген айыптау бойынша бірнеше рет тергеуге шақырылған.
Айгүл Жетімқарынованың өлімі туралы ақпарат сейсенбі күні Еуропалық комиссия Астанадағы республикалық емхананы медицина саласында ең мықты кәсіпорын деп танығаны жөнінде өткен іс-шара кезінде мәлім болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы