“Сорос-Қазақстан” қорының басқарма төрағасы Дариуш Зитектің пікірінше Қазақстандағы соңғы сайлаулар, әсіресе 1999 жылғы сайлау халықаралық талаптарға сай өтпеген. Сондықтан демократиялық үрдістің орнауына өз үлесімізді қоссақ дейді ол.
Жалпы осы аталған мәселе бойынша Қазақстанда алаңдатарлықтай жағдайдың бар екенін осы жиынға келген кейбір саясаткерлер өткен маслихат сайлауындағы кедергілерді алға тарта отырып, бұл жөніндегі ойларын жеткізді.
Енді осы жобаға қатысты депутаттардың пікірінше бұл қадам қоғам үшін аса қажет. Әсіресе, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Серік Абдрахманов пен Төлен Тоқтасыновтың көзқарасынша саяси сананы сақайтуға септесер деген үмітте.
«Сорос-Қазақстан» қоры «Сайлау алдындағы қашықтық» атты жобаның басталғандығын жариялады.
- Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
Қазақстанда басталып отырған бұл жобаның ерекшелігі мен жүзеге асырушылардың басты мақсаты – нақты дәлел-дәйекке негізделген азаматтық диалогты Қазақстан қоғамындағы саяси мәдениет аясына кіріктіру болып табылады. Жоба 2004-жылдың ақпан-қараша айлары аралығында 10 айға созылады. Ал, жобаның жалпы құны 60 мың АҚШ долларын құрайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы