Accessibility links

Қостанай облысында төрт адам газдан уланып қаза болды, үшеуі – бала


17 қарашада Қостанай облысында төрт адам газдан уланып қаза болды. Бұл туралы жергілікті "ТобылИнфо" сайты хабарлады.

Басылымның ақпаратынша, 8, 3, 2 жасар үш бала және олардың 67 жастағы атасы опат болған. Қайғылы оқиға 17 қарашада 13.00 шамасында Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында болған.

Балалардың әкесі мен анасы және олардың 4 жасар тағы бір ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

"ТобылИнфо" мәліметінше, отбасы аз табыс табатын, әлеуметтік осал топқа жатады. Балалардың әкесі жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істеген.

17 қараша таңертең Астанадағы жеке үйлердің бірінде өрт шығып, 13, 9, 3, 2 жастағы төрт бала көз жұмды. Өрт кезінде үйдің шатыры жартылай құлаған. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады. Тергеу қорытындысы тексеру аяқталғаннан кейін айтылады деді департамент.

Азаттық архивінен: Аягөзде өрттен мерт болған төрт бала, Шымкентте бір үйлі жан газдан уланып көз жұмды (27 қазан 2023 жыл.)

Атыраудағы наразылық, Шымкенттегі қаза, несиеге батқан халық - AzatNews | 27.10.2023
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:16 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG