Астана тұрғыны Әлия Омарова өзін Ұлттық ұлан офицері Әділ Қажықұлов "соққыға жықты" деп мәлімдеді. Ол денесінің көгерген тұстарын суретке түсіріп, сотқа жүгінген. Бірақ судья істен қылмыс құрамын таппай, офицерді ақтадв. Қажықұлов қол көтергенін мойындамайды.