Сайлаудан шеттегендер мен мәжілісті де, мәслихатты да көздегендер
ОСК шешімімен 19 наурызда өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауынан бірнеше кандидат шеттетілді. Комиссия олардың декларациясынан кілтипан тапқан. Шеттегендер бұдан саяси астар көреді. Қазақстанда бірнеше кандидат алдағы сайлауда мәжілісті де, мәслихатты да көздеп отыр. "Екі жаққа да қатар ұсынылу заңға қайшы емес" дейді ОСК. Сайлау бақылаушысының сөзінше, заңда шикілік бар. Ресей президенті Батысты айыптап, сұхбат берді. АҚШ президенті Қытайдың бір топ адамын санкция тізіміне қосып, Пекиннің наразылығын тудырды. - Бір топ ерікті шетел фильмдерін қазақша дубляждап жүр. Мұны олар қазақ тілін дамытудың амалы деп біледі.