Соғысқа бір жыл болды. Алматы мен Астанада белсенділер наразылық білдірді
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл болуына байланысты Алматыда тұрғындар украин ақыны Тарас Шевченко ескерткішіне, Астанада Украина елшілігіне барып, гүл қойып, құрбандарды еске алды. Әлемнің бірнеше елінде Украинаны қолдау акциялары өтіп жатыр. Украинадағы соғыстан Қазақстан қандай сабақ алды? Бұл оқиға қазақ қоғамына қалай әсер етті? Халық соғыс жайлы не ойлайды? БҰҰ орыс әскерінің соғысты тоқтатуын талап етіп, қарар бекітті. Қалыс қалған Қытай "бейбіт келісім" жоспарын ұсынды. АҚШ "Ресей қаласа, соғыс ертең-ақ тоқтайды" дейді.