АҚШ президенттігінен үміткер қазіргі президент Джорж Буш пен демократ Джон Керридің алғашқы теледебаттары 30 қыркүйекте өткен болатын-ды. Әрине онда қозғалып, пікірсайыстарға арқау болған мәселелердің мұнда да сөз болғаны айқын, демек теледебаттардың екеуінде де ұқсас жайттар айтылып, сол белгілі мәселелер талқыланды. Дегенмен де, вице-президенттіктен үміткерлердің теледебаты президенттікке үміткерлердің теледебатынан өзгеше болғаны айқын, ең алдымен оның мәнері мен стилі жағынан деп хабарлайды біздің тілшілеріміз.
Біріншіден Ченей мен Эдвард бір-біріне жақын, қатарласа отырып пікір алысты, ал Буш пен Керридің телдебатын көрген адамдардың есінде болар, олар ресмилеу жағдайда кафедрада түрегеліп тұрған болатын.
Вице-президенттікке кандидаттар пікіралысқан кезде, сұрақтарға жауап берген уақытта өздерін неғұрлым ширақ ұстап және қорғап немесе сынап сөйлеу барысында келтірген дәлел, деректері де салмақты, сындарлы шығып жатты.
Ченей 90 минуттық дебатты американдық сайлаушылар үшін ең бір күрделі де маңызды деген мәселе- әкімшілік Ирақ соғысын дұрыс жүргізе алмады деген сынға қатты тойтарыс беруден бастады.
-Біздің Ирақта істеген шаруамыз, солай істелуге тиісті дұрыс шаруа болатын. Егер мен олардың бәрін де қайта істеу жөнінде бір ұсыныс жасайтындай болсам, тура сол бағытта қимылдар жасау жөнінде ұсынған болар едім. Бүгінде әлем қауіпсіздеу, өйткені Саддам Хуссейін түрмеде отыр, оның үкіметі күштен айрылды, біз анық дұрыс іс жасадық,-деп атап көрсетті Ченей.
Эдвард болса, оған қатқыл жауап беріп, "Вице президент мырза, сіз америка халқы алдында әлі де шыншыл болмай отырсыз,"- деп атап көрсетті де, Ирақтағы қиын, сүреңсіз қатал жағдайды суреттеді. Сөйтіп өзі және Джон Керри сайланатын болса, Ирақтағы соғыс мәселесін шешу үшін жұмыс істеген болар едік деді:
-Біздің қайтадан басынан бастауымыз керек. Біз Ирақ күштерін оқытып-үйрететін президентті қажет етеміз, оны атқара алатын көп адам керек. Біз Ирақтың қайта құрылуын Ирақ адамдары оның пайдасын көретіндей жылдамдатуымыз керек. Бізге осы істерді жүзеге асыра алатын жаңа президент қажет, Джон Керри осындай күш-жігерді басқаларға бере алады,- дейді Эдвард.
Бақылаушылар өткен аптадағы Буш-Керри теледебаты барысында кей сәтте толқып, кей сәтте ашу шақырған Керридің осы пікірсайыстан кейін бәсекелесінен гөрі мығымдау, басымдау кандидат ретінде танылғанын айтады.
Дик Ченей болса, сейсенбінің кешіндегі теледебатта өзін байсалды ұстап, ақыл тоқтатқан мемлекеттік қайраткер ретінде бәсекелесінің кейбір саяси тәжірибесіздігіне бірден назар аударуға тырысқан.
51 жастағы Эдвард бірінші рет АҚШ сенторы болып отыр. Алайда адвокат ретінде жақсы танылған вице-президенттіктен үміткер сенатор өзінің 63 жасар қарсыласының сынынан қорқып-ықпаған түр көрсетті.
Статистикалық маліметтердің көрсеткеніне қарағанда АҚШ-ы Буштың президенттігі жылдарында ең көп жұмыс орындарын жоғалтқан екен, бұл бұған дейін Ұлы депрессия кезеңі болып есептелетін 1930 жылдардан кейін ешқашан болмаған жағдай. Осы деректерді тілге тиек ете келіп Эдвард: "Мен біздің еліміз тағы да төрт жыл бойына осындай жайтты бастан кеше алады деп ойламаймын," деп атап көрсетті.
АҚШ президенттік сайлау қарсаңында: қазіргі вице-президент Дик Ченей мен сенатор Джон Эдвардтың теледебатында екі үміткер де тең түсті.
АҚШ-та вице-президенттікке үміткерлер арасында бір ғана теледебат өткізіледі. Дик Ченей мен Джон Эдвардтың арасында сейсенбі күні болған осындай телесайыс өте қызу, ашық және өткір сыни бағытта дамып, онда Ирақ пен Таяу Шығыстағы соғыс қимылдарынан бастап, АҚШ-ң экономикасы мен СПИД-ке қарсы күрес мәселелері де қамтылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы