Британияның белгілі басылымдарының бірі "The Telegraph" мұсылмандарды итке теңеп, олар британиялықтардың өмір қалпына қауіп төндіреді деп жазады. Италияндық белгілі саудагер Европа Исламның колониясына айналуы мүмкін деген ескерту айтқан кітап басып шығарады. Әрине бұндай жариялынымдардың барлығы да өз кезегінде сынап-мінеулерге душар болды.
Бұлар 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа жасалған террорлық шабуылдардан және осы жылдың 11 наурызында Мадридте орын алған террорлық әрекеттерден кейінгі Исламның Европадағы үрейлі келбетін бекіте түскен бірен-саран мысалдар ғана десе болады.
Міне бұл тақырыптар әлемнің әр түкпірінен осы аптада Иорданиядағы конференцияға жиналған мұсылман ғалымдары арасында қызу талқыланды. Олар Батыстағы мұсылмандар осы уақытта Ислам келбетін және оған деген қарым-қатынасты жетілдіруі үшін көп шаралар атқарды деп есептейді.
-Батыс елдерінде және Европада мұсылмандар алдында тұрған ең басты проблема, бұл - БАҚ-да кейбір мұсылмандардың іс-әрекеттері үнемі дұрыс емес жағынан, бұзылып жазылатындығында. Мерзімді басылымдардың исламды айыптап жазатындығы сондай -енді батыстағы зиялы қауым өкілдерінің өзі исламның өзі дұрыс дін емес деп ойлайтын болды,- дейді конференцияны ұйымдастырушылардың бірі, Амандағы исламдық орталықтың өкілі Фарук Жарар. Ол тағы да былай дейді:
-Мұсылмандар Батыс әлемінде, оның ішінде Европа елдерінде көптеп тұрады. Жане олар өздері мекендейтін елдердің саяси өміріне белсенді араласа бермейді. Біз олардың саясатқа белсене араласып, өздерін танытуын қалаймыз, өйткені Исламда оған шек қойылмайды. Олар өз дауыстарын білдіріп, сәл белсенді болатын болса, онда Исламға қатысты қалыптасқан көзқарас-пікірді жақсы жағына қарай өзгерте алар еді..
Бұл ұсынстарды Берлиндегі діни зерттеулер орталығы жаңа мұсылман Академиясының төрағасы Абул Хади Хоффманда қызу қуаттайды.
Дегенмен де Британия мұсылман кеңесінің баспасөз хатшысы Инаят Банглауала Британия саясатына мұсылмандардың араласуы бірте –бірте артып келеді дегенді айтады. Мәселен 650 орындық Парламенттің екі мұсылман мүшесі бар. Алайда бұл барлығы 1,6 миллион болатын мұсылман қауымы үшін өте аз болып көрінері айқын. Банглауала Ирақ соғысы алдында мұсылмандар өткізген жаппай наразылық шеруіне Британ үкіметі тарапынан ешқандай реакция болмағандықтан да, мұсылмандардың саясаттан көңілі қалып қалды дейді. Бұның әлі де өзіндік қаупі бар деген пікір білдіреді ол.
Батыстағы Ислам келбетін өзгерту үшін мұсылмандар саяси белсенділік танытуы қажет
Батыста Ислам атауына үрке қараушылық көзқарас қалыптасқан. Сондықтан да мұсылмандардың мұнда осы көзқарас пікірді түбірімен өзгертуі үшін саяси белсенді болуына тура келеді. Осы аптада Иорданияда бас қосқан мұсылман әлемінің ғалымдары осындай ұсыныс-тұжырымға келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы