«Тәуелсіз бақылаушылар» ұйымы Алматыда дауыс бергендер 16 пайыздан аспады деп есептейді. «Үстіме бір емес үш рет құсты». «Мұқалмас» бірлестігінің бақылаушысы учаскеде көрмеген қорлығы жоғын айтады. «Референдум әділ өтті!» Мәжіліс депутаттары ресми нәтижеге сенеді.
Азаттықтың Орталық Азиядағы бес қызметі "Спорт: Қиындықты жеңген қаһармандар" байқауын жариялайды.
Израиль Газа секторында АҚШ пен Еуроодақ "террористік ұйым" деп таныған ХАМАС тобына қарсы соғыс бастағалы бір жыл өтті. Биыл қыркүйектен бері Израиль мен "Хезболла" тобы арасында әскери іс-қимыл үдеді. АҚШ бұл топты да террористік ұйымдар тізіміне қосқан.
Қарағанды мен Павлодар облыстарында 45 мың гектар жер жанып кеткен. Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік қашан тоқтайды? Маңғыстау мен Шығыс Қазақстанда осындай екі видео тарады. Ақтөбедегі хром қосындылары зауытының жұмысшылары Ресей бастаған соғыстың салқыны тиіп жатқанын айтады.
Қазақстанда 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өтті. Алдын ала жарияланған ресми қорытындыға сенсек, дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Бұл – Қазақстандағы төртінші, Тоқаев билікке келгелі өткен екінші референдум. Бұл референдум Тоқаевқа не береді? Референдум өткізіп, "халықтың пікірін сұрау" арқылы ол "еститін үкімет" қағидасын орындады ма?
6 қазан күнгі референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС-ті қолдаған. ШЫн ба? Референдум күні Қазақстан аумағында бақылаушылар учаскеден неге шығып қалды. Түркістан облысында бюллетендерді топтап салды деп тараған видеодағы оқиғаны аумақтық комиссия «ескі» деп терістеді.
7 қазанға қараған түні аннексияланған Қырым түбегіндегі ірі мұнай базасы өртеніп, 300 адам эвакуацияланды. Times басылымы Ресей Солтүстік Корея ракеталарының көмегімен снаряд тапшылығын жауып жатыр дейді. Украина жағында соғысқан ресейлік белсенді майданда қаза тапты.
ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасап, жүздеген адамды ұрлап әкеткен соң былтыр дәл осы күні Израиль Палестинаның Газа аймағында соғыс бастаған. Соғыс халыққа қанша қасірет әкелді? Қақтығыс кесірінен 41 мың палестиндік қаза тапты, оның көбі – бейбіт тұрғын. Газа аймағының көп бөлігі қирандыға айналды.
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қалай өтті? Дауыс беруге құқығы бар қанша адам учаскеге келді? Экзит-полл нәтижесі қандай болды? Азаттық 6 қазандағы саяси науқанның алғашқы қорытындыларын шолып шықты.
Қазақстанда 6 қазан күні жалпыхалықтық референдум өтті. Түркістан облысында бюллетендерді топтап салған видео тарады. Алматыда тәуелсіз бақылаушыларды учаскеден шығарды. Астанада наразылық білдірген белсендіні полиция ұстап әкетті. Тоқаевты күткен журналистер құр қол қайтты. Назарбаев бата берді.
АЭС туралы тұрғындардан пікір сұрау қылмыс па? «Уральская неделья» басылымына айыппұл салынды. Алматыда көшедегі аялдамаға АЭС-ке қарсы үнпарақ ілген зейнеткер жауапқа тартылды. АЭС тақырыбы мемлекеттік арналарда қалай көрсетіліп жатыр? Журналистік бақылау.
4 қазанда Ресейдің бірнеше облысында мұнай базалары өртенді. Курс облысына жақын Курчатов АЭС-і жанында да өрт болды. ВВС сайтының Орыс қызметі Ресей Угледардағы шайқаста кемі 2100 әскериінен айырылды дейді.
Ресей мен Украина 3 қазанға ауған түні бір-бірінің қалаларын атқылады. НАТО ұйымының жаңадан тағайындалған хатшысы Киевке келді. Ресей изоляторда отырған күдіктілерді майданға жіберуді ойластырып жатыр.
Варшавада адам құқығы туралы жиында құқық қорғаушылар Қазақстандағы ахуалды талқылады. Марафоншы Марат Жыланбаев түрмеде аштық жариялап отыр. Астанада маслихат депутаттарының форумында сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «демократия үздіксіз үрдіс» деді.
Ресей ұзақ шайқастан соң Украинаның Донбасстағы маңызды бекінісі Угледар қаласына бақылау орнатты. Ал Украина алдағы уақытта қару-жарақ жасауды күшейтпек.
Алматыда екі күн бұрын ұсталған азаматтық белсенділер 2 айға қамалды. Украина Ливаннан 134 азаматын эвакуациялады. Қазақстан неге ойланып отыр? Иран Израильге зымыран жаудырды. Тель-Авивтің Тегеранға жауабы қандай болмақ?
Украина президенті Зеленский майдандағы жағдай қиын деп мәлімдеді. Ал қазір Украина мен Ресей әскері Донбасс аймағында кескілескен шайқас жүргізіп жатыр. Бұған қоса, Ресей Украинаның Херсон қаласын ракетамен атқылап, бірнеше адам қаза тапты.
Тағы