Ресей президенті халыққа жолдау оқыды. Батысты сөгіп, Украина билігін "неонацистер" деп айыптаған сөзіне қарағанда соғыс жақын арада тоқтамайды.
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға барды. Бұл сапар алдын ала хабарланбаған. Екі ел басшыларының кездесуінде не айтылды?
Соғыс басталғанына бір жыл толғанда АҚШ президенті Джо Байден Украинаға барды. Оның бұл сапары ресми түрде алдын ала хабарланбаған. Байден Киевте жүргенде зымыран қаупін ескертетін дабыл жүйесі қосылып тұрды.
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Киевке барды. Оның Украинаға сапары бұған дейін хабарланбаған. Байденнің Киевке сапарының анық-қанығы.
Алматы тұрғыны сөзінше, Қытайдың саяси лагеріне қазақтар мен ұйғырларды қамау әлі жалғасып жатыр. 2017 жылы "өзім де лагерге отырып шықтым" деген ол былтыр інісін ұстап әкеткенін айтады.
Былтыр қыс басында жылу орталығында апат болған Екібастұз қаласында ерлі-зайыпты екі адамның мәйіті өз үйлерінен табылған. Көршілердің сөзінше, бұл үйде радиатор жарылып, су аққан. Сараптамада марқұмдар токқа түсіп қайтыс болғаны айтылады.
"Елбасы" туралы заң күшін жойса да оның кеңсесі әлі жұмыс істеп тұр. Ғимарат маңын видеоға түсіруге барған Азаттық журналистерін полиция тексерді және нысанның мемлекет күзетінде екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен туыстарын қылмыстық қудалаудан қорғаған "Елбасы" заңының күшін жойды.
Былтыр президент сайлауы қарсаңында құрылған Baqyla қозғалысы 19 наурызда өтететін мәжіліс және мәслихат сайлауына 3 мың бақылаушы дайындамақ. Қозғалыс өзін "билікке тәуелді емеспіз" дейді.
Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдың 49 пайыз акциясы ресейлік компанияға сатылды. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде біраз талқыланды. Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, әуежай – стратегиялық маңызы бар нысан.
Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандары 17 мыңнан асты. Жоғалған екі қазақстандықтан әлі хабар жоқ. || Билікті сынайтын саясаткер Уәлихан Қайсаров партиясын тіркете алмай жүр. || Украина президенті Владимир Зеленский Лондон мен Парижге, бүгін Еуроодақ саммиті өтіп жатқан Брюссельге барды.
Миллиардер Тимур Құлыбаевтың компаниясы бизнес-орталық салып жатқан аумақтың бір бөлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қайтарылады. Апелляциялық сот осы алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бірақ ол аумақта құрылыс салынып қойған.
Түркиядағы Антакия қаласында зілзала кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматын құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. Қолы сынған. Бүлінген зәулім ғимараттың астында қалған тағы екі қазақты құтқару үшін Қазақстаннан барғандар арнайы техникаға мұқтаж екенін айтып, жұрттан жәрдем сұрады.
Зілзала болған Түркияда Қазақстанның төрт азаматы жоғалғаны туралы ақпарат бар деді Түркияның Қазақстандағы елшісі. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл туралы әзірше ресми мәлімдеме таратпады. Алматы тұрғыны бауырын іздеп, Түркияға аттанып кетті.
Былтыр қарашада жылу электр орталығында апат болып, қақаған аязда суық үйде қалған Екібастұз тұрғындарының жайы әлі мәз емес. Жылу әлі мардымсыз. Тұрғындар "қыстан ток пештің арқасында ғана аман шықпақпыз" дейді. Есесіне жұрт электр ақысына көп ақша төлеуге мәжбүр.
Тағы