Қырғызстандық Азамат есімді мигрант оккупацияланған Луганскіге жұмыс істеуге барып, қазір еліне қайта алмай жүр. Ресей мен Украинаға да бара алмайды. Ол жақта Азаматты жаза күтіп тұр.
Қаңтарда президент резиденциясының маңында оққа ұшып, қаза тапқан 5 адамды прокурор айыпты деп тануды сұрады. Қорғау тарабы істің тергелуіне күмән келтірді.
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елде "ЛГБТ пропагандасына" тыйым салуды ұсынды. Жастар арасынан сайланған депутат "ЛГБТ тақырыбындағы фильмдерді көрсетпеу керек" дейді. Бірнеше күн бұрын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ресми сайтында біржынысты некені "арсыз", "азғындау" деп атады. Бұл пәтуа феминистік қозғалыстар өткізген әйелдер шеруі қарсаңында жарияланды.
Судандағы қарулы қақтығыс басталғалы он күн. Шетелдік дипломаттар елден кетіп жатыр. Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымның орталығы Севастополь қаласына дрон шабуылдады.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін "мемлекетке опасыздық жасады" деп айыпталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі басшысы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасарына сот үкімі шықты.
Ресейде оқып жүрген қазақ студент "Вагнер" жасағына қосылып, Украинаға қарсы соғыспақ. Анасы оны мәжбүрлеп әкетті деп, қайтаруды талап етті.
Прокуратура елде азаптау қылмысы бойынша 220 іс тергеліп жатқанын айтты. Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасынан соң адам азаптаған күш құрылымдары қызметкерлеріне қарсы ашылған істердің көбі жабылғанын сынайды. Күш құрылымдарының азаптауынан өткендер кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді.
Алматы іргесіндегі Жандосов ауылының тұрғындары батпақ жолдан әбден шаршап, өз бетінше жол салуға кірісіп кетті. Ауылдағы әр шаңырақ ай сайын 3 мың теңгеден жинап, бір-біріне көмектесіп жатыр. Олар жергілікті әкімдіктен үміт үзген.
Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдерінің басын қосып, кеңес өткізді. Тікелей эфирде көрсетілмеген, журналистерді бір кабинетке қамап қойған кеңесте елдің әл-ауқаты туралы айтылды.
Қазақстан елдегі ірі мұнай-газ кеніштерін игеруші North Caspian Operating Company N.V. мен Karachaganak Petroleum Operating BV операторларын халықаралық сотқа берді. Үкімет Қашаған мен Қарашығанақта мұнай өндіретін консорциумдардан не талап етіп отыр? Азаттық сарапшы Абзал Нарымбетовтен сұрап көрді.
Әлеуметтік желіде Жаңаөзен мұнайшыларын қаралайтын жазба көбейді. Кейбір блогер тапсырыспен жазғанын мойындаса, енді бірі пост үшін 100 мың теңге ұсынылғанын айтты. Сарапшылар жұмыссыз мұнайшыларды айыптайтын жазбаларда манипуляция бар дейді.
Сот бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туғаны інісін Алматы іргесіндегі 40 гектар жерін мемлекетке қайтаруға міндеттеді.
Жаңаөзен қаласында көппәтерлі үйде газ жарылып өрт адам қаза тапты.
Тағы