Алматы облысы Қайназар аулындағы кірпіш зауыты сот шешімімен күреліп жатыр. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "жергілікті шенеуніктерге "доля" бермеген зауыт басшылығы жақпай қалған" деп, өндіріс орнының әкімшілігіне араша түсті.
Алматы шетіндегі тұрғын үй кешендегі жүздеген адам картон қағазын шығаратын зауыт жұмысына наразы. Тұрғындар өндірістен шығатын иіске уланып, кейбірінің денсаулығы нашарлағанын айтады.
4 жасар Алла — Ксения Сартаеваның ортаншы баласы. Ксения қызында аутизм барын 1 жас 7 айында бір-ақ білген. Қазір ол ерекше балаларды өмірге бейімдеуге көмектесетін орталық ашуға талпынып жүр. "Бала өзін жалғыз сезінбеуі керек" дейді Алланың анасы.
Былтыр президент сайлауы қарсаңында қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовке тікелей эфирінде сұрақ қойғаны үшін Жетісу облысының тұрғыны Жібек Бостанбекова бір жылға шартпен сотталды. Судья оны "тыйым салынған ұйым жұмысына қатысты" деп тапқан.
Түркіменстандағы халық санағының нәтижесі бойынша, елде 7 миллион адам тұрады. Бірақ түркімендердің көбі бұл ақпаратқа сенбейді. Олар билік кейінгі жылдары халық саны күрт кемігенін жасыру үшін деректерді бұрмалап отыр деп есептейді.
Украинада 22 жастағы әскери қызметкер Евгений Гнаток жерде жүретін дрон құрастыра бастады. Қашықтан басқарылатын көліктің бірнешеуін украин қорғаныс күштері алып үлгерген. Қазір олар майдан даласында қолданылып жатыр.
17 шілде таңертең Қырым көпірінде тағы жарылыс болды. Ресей екі адамның қаза тапқанын хабарлап, жарылысқа Киевті айыптады. Украинаның әскерилері жарылысты "Ресейдің провокациясы" дейді. Жарылыс жайлы қазірге дейін не белгілі?
Алматыда белсенді Бесжан Төлеубекұлы 15 тәулікке қамалды. Ол үш күн бұрын, 11 шілде "Әуежайды басып алу" ісі бойынша өткен сотқа барып, жұртты сотталушыларды қолдауға шақырған. Судья Руслан Жамалбек оны осы әрекеті үшін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп таныды. Адвокаты бұған келіспейді.
13 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасына байланысты соттың алдын ала тыңдауы өтті. Сотқа Айкөркемнің әкесі мен әпкесін кіргізген жоқ. Сот қызметкері істе "мемлекеттік құпия барын" айтып, "процесс жабық өтеді" деді.
Желіде «Алматы әуежайын басып алу» ісі бойынша сотталғандарды қаралайтын жазбалар көбейді. Сарапшы мұндай жазбалардың жазылғанын айтады. Ал пост жазған блогерлер мұны жоққа шығарады.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 6,6 миллионнан астам бала бар. Жүздеген мың бала әкесіз өсіп жатыр. Елдегі 452 мың ананың көбі көбі перзентті "өзім үшін таптым" дейді. Азаттық толық емес отбасынан шыққан адамдармен, психологпен және әлеуметтанушымен сөйлесті.
Ресей әскері 380-мотоатқыштар полкінің жауынгерлері Курск облысында өздері тұрып жатқан "шұңқырдағы" жағдайды түсірген видео тарады. Мобилизациямен әскерге алынған сарбаздардың айтуынша, басшылар өзіне жақпағандарды осындай адам төзгісіз жағдайдағы жерге апталап отырғызып жазалайды.
Тағы