1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандары құрметіне тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші алдына жиналған адамдар. Алматы, 17 желтоқсан 2015 жыл.
Желтоқсан оқиғасы құрбандарына тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне 17 желтоқсан күні гүл қою шарасына кейбір қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер, билік өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (ортада) бастаған шенеуніктер Желтоқсан оқиғасы құрбандары құрметіне тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қоюға келді. Алматы, 17 желтоқсан 2015 жыл.
«Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қою рәсімі.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына құран бағыштап отырғандар.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алып, «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қою шарасына балаларымен бірге келгендер де болды.
Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналғандар алдында қарсылық мазмұндағы өлең оқып тұрған адам.
Қоғамдық белсенді Сақып Жаңабаева 1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының наразылық шеруіне қатысқаны үшін қуғындалған адамдардың суреттерін ұстап тұр.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қою шарасында тұрған әскери оркестр мүшелері.
Желтоқсан оқиғасы құрбандары құрметіне тұрғызылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне қойылған гүлдер. Алматы, 17 желтоқсан 2015 жыл.